Басқарылатын құрылғының параметрлері

Барлығын жаю | Барлығын жию

Басқарылатын құрылғының параметрлерін қарап шығу үшін:

  1. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар қалтасын таңдаңыз.
  2. Қалтаның жұмыс аймағында құрылғыны таңдаңыз.
  3. Құрылғының мәнмәтіндік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

Жалпы бөлімі таңдалған құрылғы сипаттары терезесі ашылады.

Жалпы

Жалпы бөлімі клиент құрылғысы туралы жалпы ақпаратты қамтиды. Ақпарат, клиент құрылғысын Басқару серверімен соңғы рет синхрондау барысында алынған деректер негізінде ұсынылады:

Қорғаныс

Қорғаныс бөлімінде клиент құрылғысында антивирустық қорғаныстың күйі туралы ақпарат ұсынылған:

Бағдарламалар

Бағдарламалар бөлімінде клиент құрылғысында орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының тізімі көрсетіледі:

Тапсырмалар

Тапсырмалар қойыншасында сіз клиент құрылғысының тапсырмаларын басқара аласыз: қолданыстағы тапсырмалар тізімін қарау, жаңаларын жасау, тапсырмаларды жою, іске қосу және тоқтату, олардың параметрлерін өзгерту және орындалу нәтижелерін қарау. Тапсырмалар тізімі клиентті Басқару серверімен соңғы рет синхрондау барысында алынған деректер негізінде ұсынылады. Тапсырмалардың күйі туралы ақпаратты клиент құрылғысынан Басқару сервері сұрайды. Байланыс болмаған жағдайда, күй көрсетілмейді.

Оқиғалар

Оқиғалар қойыншасында таңдалған клиент құрылғысы үшін Басқару серверінде тіркелген оқиғалар көрсетіледі.

Тегтер

Тегтер қойыншасында клиент құрылғысын іздеуге негізделген кілт сөздер тізімін басқаруға болады: қолданыстағы тегтер тізімін қарау, тізімнен тегтер тағайындау, автоматты түрде тег қою ережелерін конфигурациялау, жаңа тегтер қосу және ескі тегтердің атын өзгерту, тегтерді жою.

Жүйе ақпараты

Жалпы жүйе ақпараты бөлімінде клиент құрылғысында орнатылған бағдарлама туралы ақпарат ұсынылған.

Бағдарламалар тізімдемесі

Бағдарламалар тізімдемесі бөлімінде клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар мен оларға арналған жаңартулардың тізімдемесін көруге, сондай-ақ бағдарламалар тізімдемесінің көрсетілуін конфигурациялауға болады.

Орнатылған бағдарламалар туралы ақпарат, клиент құрылғысында орнатылған Желілік агент қажетті ақпаратты Басқару серверіне берген жағдайда беріледі. Басқару серверіне ақпаратты беру параметрлерін Қоймалар бөліміндегі Желілік агент сипаттары немесе оның саясаты конфигурациялауға болады.

Орындалатын файлдар

Орындалатын файлдар бөлімінде клиент құрылғысында табылған орындалатын файлдар көрсетіледі.

Жабдық тізімдемесі

Жабдық тізімдемесі бөлімінде клиент құрылғысында орнатылған жабдық туралы ақпаратты көруге болады. Бұл ақпаратты Windows және Linux операциялық жүйелері бар құрылғылар үшін көруге болады.

lshw утилитасы, жабдық туралы ақпарат алғыңыз келетін Linux құрылғыларында орнатылғанын тексеріңіз. Виртуалды машиналардан алынған жабдық туралы мәлімет пайдаланылатын гипервизорға байланысты толық болмауы мүмкін

Сеанстар

Сеанстар бөлімінде клиент құрылғысының иесі туралы, сондай-ақ таңдалған клиент құрылғысымен жұмыс істеген пайдаланушы есептік жазбалары туралы ақпарат ұсынылған.

Домендік пайдаланушылар туралы ақпарат Active Directory деректері негізінде құрылады. Жергілікті пайдаланушылар туралы ақпаратты клиент құрылғысында орнатылған қауіпсіздік есептік жазбаларының диспетчері (Security Account Manager) ұсынады.

Тізімде клиент құрылғысымен жұмыс істеп жатқан пайдаланушылардың есептік жазбалары бар.

Инциденттер

Инциденттер қойыншасында клиент құрылғысы үшін оқиғаларды көруге, өңдеуге және жасауға болады. Оқиғалар клиент құрылғысында орнатылған "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламаларының көмегімен автоматты түрде де, әкімші тарапынан қолмен де жасалуы мүмкін. Мысалы, егер пайдаланушы зиянды БҚ-ды құрылғыға жеке алынбалы жетектен үнемі ауыстырып отырса, әкімші инцидент жасауы мүмкін. Әкімші инцидент мәтінінде пайдаланушыға қарсы жасалуы керек жағдай мен ұсынылған әрекеттердің қысқаша сипаттамасын (мысалы, тәртіптік іс-әрекеттер) көрсете алады және пайдаланушыға не пайдаланушыларға сілтеме қоса алады.

Қажетті әрекеттері орындалған инцидент өңделген деп аталады. Өңделмеген инциденттердің болуы құрылғының күйін Критикалық немесе Ескерту күйіне өзгерту шарты ретінде таңдалуы мүмкін.

Бөлімде құрылғы үшін жасалған инциденттердің тізімі берілген. Инциденттер маңыздылық деңгейі мен түріне қарай жіктеледі. Инцидент түрін, инцидентті тудыратын "Лаборатория Касперского" бағдарламасы анықтайды. Өңделген инциденттерді Өңделген бағанына жалауша қою арқылы тізімде белгілеуге болады.

Бағдарламалық жасақтама осалдықтары

Бағдарламалық жасақтама осалдықтары бөлімінде клиент құрылғыларында орнатылған үшінші тарап бағдарламаларының осалдығы туралы ақпарат бар тізімді көруге болады. Тізімнің үстіндегі іздеу жолын пайдаланып, осалдық тізімінен осалдық атауы бойынша іздеуге болады.

Қолдануға болатын жаңартулар

Бұл бөлімде құрылғыда орнатылмаған бағдарламалық жасақтама жаңартуларының тізімін көруге болады.

Белсенді саясаттар

Бұл бөлімде қазіргі уақытта құрылғыда белсенді "Лаборатория Касперского" бағдарламаларына арналған саясаттар тізімі көрсетілген.

Белсенді саясат профильдері

Тарату нүктелері

Бұл бөлімде құрылғы өзара әрекеттесетін тарату нүктелерінің тізімі берілген.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқару серверінің жалпы параметрлерін көрсету

Басына оралу